BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Головкин белбеуін тартып алған ұйымның ТОП-10 рейтингінен шығып қалды

Фото: © BoxingScene.com

Астана, BAQ.KZ. Қазақстандық Геннадйий Головкин (38-1-1, 34 КО) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBF) қазан айындағы жаңартылған рейтингінде төртінші орыннан 11-ге түсіп кеткен, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Маусымнан бері бос қалған IBF белбеуін украиналық Сергей Деревянченконы (12-1, 10 КО) жеңген америкалық Дэниэл Джейкобс (35-2, 29 КО) иеленіп отыр.

IBF жасған орта салмақ рейтингі ұйымның ресми сайтында жарияланған және онда бірінші орын жоқ. Мұның алдында рейтингті Деревянченко бастап тұрған, алайда, ол кезде екінші орын жоқ еді.

Орта салмақта IBF ұйымының ТОП-10 рейтингі:

2. Джек Кулькай (25-3, 13 КО - Эквадор).

3. Мартин Мюррей (37-4-1, 17 КО - Ұлыбритания).

4. Сергей Деревянченко (12-1, 10 КО - Украина).

5. Камил Шеремета (18-0, 4 КО - Польша).

6. Давид Лемье (40-4, 34 КО - Канада).

7. Риота Мурата (14-2, 11 КО - Жапония).

8. Патрик Войжитски (12-0-1, 4 КО - Германия).

9. Джейсон Уэлборн (24-6, 7 КО - Ұлыбритания).

10. Роб Брант (24-1, 16 КО - АҚШ).

Головкин IBF белбеуін 2015 жылдың қазанынан 2018 жылдың маусымына дейін иеленген. Қазақстандық бұл белбеуді канадалық Давид Лемьеден тартып алған еді. Ал биыл міндетті қарсылас Деревянченкомен жұдырықтасу туралы жазбаша растау бермегені үшін айырылып қалған.

Қазіргі таңда IBF ұйымының барлық салмағындағы ТОП-10 рейтингінде бірде-бір қазақстандық жоқ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер