BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.86 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Головкин әлем чемпионы атағынан айырылып қалды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді (38-0-1, 34 КО) әлем чемпионы атағынан айырды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Sports.kz басылымына сілтеме жасап.

22 мамырда Спрингфилде (АҚШ, Нью-Джерси штаты) Головкин мен IBF қатарындағы оның міндетті қарсыласы украиналық Сергей Деревянченко (12-0, 10 КО), сонымен қатар олардың командалары қатысқан отырыс өтті. IBF комиссиясы екі тарапты тыңдады да, бүгін Головкинді IBF белбеуінен айыру туралы шешім шығарды. Себебі ол 3 тамызға дейін Деревянченкомен жекпе-жекке шығудан бас тартқан.

Айта кетсек, Головкин мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) реваншқа түсуді жоспарлады. Бірақ ауқымды қаржылық түсініспеушіліктерге байланысты келіссөзге қол қойылмады. Сонымен қатар, WBO чемпионы Билли Джо Сондерспен (26-0, 12 КО) жекпе-жек өткізу ықтимал болған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер