BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.65 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 393.33 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.67
Астана:

Головкин 16 қыркүйектегі жекпе-жегін кімге арнайтынын айтты 

Жеңілмеген қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Ұлыбританияның The Telegraph басылымына берген сұхбатында 16 қыркүйекте мексикалық Сауль Альвареске қарсы өткізетін жекпе-жегін кімге арнайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Кеңес Одағы күйрегеннен кейін өмір сүру қиын болды. Жұмыс табу оңай емес еді, бірдеңеге қол жеткізу үшін төбелесуге тура келді», - деп еске алды Геннадий.

GGG-дің айтуынша, ағалары Вадим мен Сергей оны бала күнінде жасы үлкен балалармен төбелестіріп, өзін қорғауды үйретіпті. Өкінішке қарай бауырлары әскерде белгісіз жағдайда қаза болған.

«Ол кезде мен балабақшаға баратынмын. Күнде басқа баламен төбелесіп жүрдім. 10 жасқа толған кезімде ағам Вадим алғаш рет бокс залына алып барды, мен қатты ұруды білетінмін, сондықтан жаттықтырушы жекпе-жекке үнемі үлкендермен шығаратын. Боксқа алғаш рет ағаларым баулыды. Мен жекпе-жегімді соларға және әкеме арнаймын және өз отбасым үшін жұдырықтасамын», - деп түйіндеді Головкин.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер