BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Франция құрамасы футболдан ӘЧ-2018 финалына шықты

Фото: RT

Ресейде өтіп жатқан 2018 жылғы футболдан Әлем чемпионатының жартылай финалдық матчында Франция құрамасы Бельгиядан 1:0 есебімен басым түсіп, алғашқы финалист атанды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Матч Санкт-Петербург қаласындағы стадионда өтті. Ойынның 51-минутына франциялық қорғаушы Самюэль Юмтити Бельгия қақпасына гол соқты. Есеп ашқан Франция футболшылары осыдан кейін қорғанысқа мән беріп, сақ ойнай бастады. Бельгиялықтарға өз қақпаларына доп кіргізуге ешқандай мүмкіндік бермеді.

Айта кетсек, Франция құрамасы өз тарихында Мундиаль финалына үшінші рет шығып отыр. Ал құрама бапкері Дидье Дегам Әлем кубонын әрі футболшы, әрі бапкер ретінде жеңіп алған үшінші адам болуы мүмкін. Әзірге мұндай жетістікке бразилялық Марио Загалло (1958, 1962, 1970) және германиялық Франц Беккенбауэр (1974, 1990) ғана жеткен болатын.

Финалдық ойындағы олардың қарсыластары түнгі сағат 00.00-де өтетін Англия – Хорватия арасындағы матч нәтижесінен соң белгілі болады.

Еске сала кетсек, 15 шілде күні Мәскеудегі «Лужники» стадионында ӘЧ-2018 финалы, ал 14 шілдеде Санкт-Петербургте үшінші орын үшін матч өтеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер