BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

Флойд Мэйвезер: Менің көлігімнің құнына Головкиннің бүкіл табысы жетпейді

«Нью-Йорк Никс» - «Бруклин Нетс» баскетбол матчынан кейін бокс жанкүйерлері америкалық Флойд Мэйвезердің көлігін қоршап алып, қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуден жалтармауды сұрады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Фанаттар америкалықтың көлігіне лап беріп еді, Мэйвезер ақтала бастады.

Головкиннен қашпа!
— Сен өзі бокстың не екенін түсінесің бе? Онсыз да менің төрт құбылам түгел.

— Меніңше, сен GGG-ден қорықтың!
— Бері қара, менің көлігімнің құнына Головкиннің бүкіл табысы жетпейді.

Сен қорықтың! Қорқақсың, Флойд!

Естеріңізге сала кетейік, Головкиннің бапкері Абель Санчес GGG кіші Мэйвезермен жұдырықтасу үшін 154 фунтке түсуге дайын екенін айтқан болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер