USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Еуразия барысы: Моңғолиялық қазақ палуан командасына жеңіс сыйлады

Алматыда Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылып жатқан халықаралық «Еуразия барысы» турнирінде моңғолиялық қандасымыз Серік Бердімұратұлы командаластарына жеңіс сыйлады, деп хабарлайды BAQ.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Моңғолия балуандары Тәжікстан балуандарын 4:3 есебімен жеңді. Аса тартысты өткен бәсекенің алғашқы үш белдесуінде екі команда балуандары 3:3 есебімен тең түскен болатын. Шешуші сында Моңғолия құрамасында 100 келі салмақта белдескен этникалық қазақ балуан Серік Бердімұратұлы қарсыласын ұпай санымен ұтып, командаластарына келесі айналымға шығуға мүмкіндік алып берді.

Серік Бердімұратұлы Баян-Өлгей аймағында Цэнгэл ауылында дүниеге келген. Ол спортпен он жасынан бері шұғылданады. Сумо, самбо, моңғол күресі және дзю-домен айналысады. Көптеген жарыстардың жеңімпазы. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Грузия балуандары өзбекстандық қарсыластарынан 6:2 есебімен ұтып, келесі белдесуге жолдама алса, Қазақстан құрамасы Польша балуандарын 7:0 есебімен ойсырата ұтқан болатын.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер1
kazah hvv
ahparatti bergende otrik shin ekenin anihtap alip beru kerek goi. otrk malimet bermenzder

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады