USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Еуразия барысы: 7:0 есебімен қазақтар басым түсті

Алматыда Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылып жатқан халықаралық «Еуразия барысы» турнирінде екінші болып жарыс жолына шыққан Қазақстан балуандары Польша құрамасын 7:0 есебімен ұтып, келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды BAQ.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Естеріңізде болса, осыған дейін Грузия балуандары өзбекстандық қарсыластарын 6:2 есебімен ұтып, келесі айналымға жолдама алған болатын.

Бұл бәсекеде 55 келіде - Марат Нығыматұллаев, 60 келіде - Ержан Мағауинов, 66 келіде - Бақдәулет Сәбитов, 74 келіде - Aйдос Ғалымов, 82 келіде - Дәулет Пахриддинов, 90 келіде - Айбол Айтбек, 100 келіде - Мұхит Тұрсынов, + 100 келіде Айбек Нұғымаровтар ел намысын қорғап жатыр.

Қазір жарыс алаңына Тәжікстан балуандары мен Моңғолия балуандары шықты.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады