BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Еркін күрестен Тұрарбек Мағжановты еске алуға арналған республикалық ашық жарыс басталды

Астана, BAQ.KZ. 2002-2003 жылы туылған ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрарбек Мағжановты еске алуға арналған еркін күрестен Республикалық ашық жарыс басталды.

Жарыс Алматы қаласындағы Қазақ Туризм және спорт академиясының базасында өтіп жатыр. Палуандарымызға төрешілік ететін бас төреші - Керимбаев Талғат Сайлаубаев, бас хатшы – Машаев Жеңіс Серікұлы. Республика деңгейінде өтіп жатырған жарысқа 9 команда қатысуда. Олар:

  1. Астана қаласы

  2. Алматы қаласы

  3. Алматы облысы

  4. Жамбыл облысы

  5. Шығыс Қазақстан облысы

  6. Қарағанды облысы

  7. Түркістан облысы

  8. Маңғыстау облысы

  9. Қырғызстан республикасы.

Жарыстың ашылу салтанатының құрметті қонақтары ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сағындықов Танат Өмірзақұлы, ардагерлер арасындағы 5 дүркін әлем чемпионы ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Кеңесбаев Төрехан, ардагерлер арасындағы әлем чемпионы ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Көркебаев Жақсыжол, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Рахманкулов Нұрғали Рахымғалиұлы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы КазҰУ спорт клубының төреағасы Дүйсенбаев Талғат Ноғайбайұлы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы ардагерлер арасындағы әлем чемпионы Шакиров Қобыланды Әлімұханұлы, жастар арасындағы Әлем чемпионы Қырғызстан Республикасы Надирбекулу Улан, Халықаралық дәрежедегі төреші Керімбаев Талғат, Тұрарбек Мағжановтың туған ағасы Мағжанов Амантай Жұмағалиевич пен жолдасы Мағжанова Ғалия Шаяхметовна болды.

Тұрарбек Мағжанов - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Еліміздегі олимпияда ойындарының жүлдегерлерін, КСРО чемпионаттарының жеңімпаздарын жаттықтырған. Сонымен қатар 30-ға жуық спорт шеберлерін дайындаған. Тұрарбек Мағжановтың тәрбиеленушілерінің арасында танымал спорт жұлдыздары, оның ішінде Мәулен Мамыров, Руслан Өмірәлиев, Абдрашит Омаров, Эрнест Ақбаев, Ислам Байрамуковтар болған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер