BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

«Еліме керекпін». Спортқа оралған Илья Ильин жоспарларымен бөлісті

Фото: ашық дереккөзден

Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин екі жылға жарыстан шеттету мерзімі аяқталған соң үлкен спортқа қайта оралғанын айтып, алдағы жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Жарыстан шеттетілген 2 жылда жаттықтым, спортпен айналыстым. Әлеуметтік желіде ашықпын, жаңалықтарыммен халықпен бөліскен ұнайды. Адамдар менің жаттығуларымды қарап отырады. Ағылшын тілімді жақсарттым. АҚШ-қа барып, Бостонда оқыдым, мәдениетін көрдім», - деді Илья Ильин.

Жарыстардан 2 жылға шеттетілгеннен кейін үлкен спортқа оралған ауыр атлет алдағы жоспарларымен бөлісті.

«Мен еліме керекпін. Маған көмектескен құраманы құрдық. Ертең Токио олимпиадасы болады. Федерация президентіне ерекше алғыс айтамын. Болашақ жоспарларыма келер болсақ, қай салмақта сынға түсетінім бір айдан кейін мәлім болады. Салмағым 101-103 келі, алдын ала айтсақ 100 келі салмақ дәрежесінде деп отырмыз. Нәтижем жақсы, қазір серпе де 172 келі, жұлқа да 212 келі көтеремін. Бұл жақсы нәтиже. Жаттығу керек, организмді, аяғымды қалпына келтіруі керек. Жақсы формадамын. Қазіргі жағдайым 95%-ға жақсы деп айта аламын. Ендігі кезекте Қазақстан чемпионатына қатысамын. Одан кейін әлем чемпионатына қатысу жоспарда бар. Олимпиада лицензиясын алуға да ұмтыламыз. Қазір Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атануды қалаймын. Жеңіске шөлдедім», - деді Илья Ильин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындарының допинг-сынамалары қайта тексерілгеннен кейін Илья Ильин, Зульфия Чиншанло, сонымен қатар Майя Манеза мен Светлана Подобедова алтын медальдарынан айырылып, екі жылға жарыстардан шеттетілген болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер