Елеусіновтің менеджері келесі қарсыласы туралы айтты - Спорт|12 Маусым 2018, 09:58
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Елеусіновтің менеджері келесі қарсыласы туралы айтты

Фото: ашық дереккөзден

Елеусіновтың командасы 28 шілдеге үшінші қарсыласты іздестіруде, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі SPORTINFORM сайтына сілтеме жасап.

Кездесу Лондандағы танымал О2-аренасында өтеді. Бұл туралы венгрлік Золтон Шебоны жеңген кезде Даниярдың промоутері Эдди Хирн хабарлаған болатын. Осы ретте, Зия Алиев Лондонда өтетін бокс кешіне қарсыласты таңдауда берілетін басымдықтарды атады.

«Даниярға кәсіпқой бокста үшінші қарсыласты іздестіру қалыпты жүруде. Біз әлеуетті кандидаттардың жұдырықтасу стиліне, сонымен қатар қанша кездесу өткізіп оның қаншасын жеңгенін және қанша рет жеңілгеніне қараймыз. Бізге жарты әлемнен жеңіліс тапқандар да керек емес. Түрлі стильде жұдырықтасатын боксшыларды іздестіруге тырысудамыз. Боксшының бірінші қарсыласы шабуыл жасауды жақсы көретін. Екіншісі көбірек аяқпен қимылдайтын болды. Жалпы біз түрлі стильде бокстасатын қарсыластарды іздестірудеміз», - деді Әлиев.

Естеріңізге сала кетейік, Данияр Елеусінов Шебоны жеңгеннен кейін Қазақстанға қайта оралды. Оның промоутері Эдди Хирн Қазақстаннан шыққан Олимпиада чемпионы милиондаған долларлдар табуда, деген болатын. Ол үшін оған «Головкиннің қателегін қайталаудың қажеті жоқ», деп есептейді бірінші жаттықтырушы Әлімханұлы.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер