BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 372.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Екінші кездесуде Головкин мен Альварес билет сатылымынан қанша пайда тапқаны белгілі болды

Фото: Prosports.kz

Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Саул «Канело» Альварес екінші жекпе-жекте билет сатылымынан және ақылы телетрансляциялардан қанша пайда тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Невада штатының Атлетикалық комиссиясының дерегінше, билет сатылымынан түскен түсім 23 473 500 долларды құраған. Барлығы 16 732 билет сатылған, сондай-ақ 1451 квит тегін берілген.

Ақылы трансляцияға келетін болсақ, бұған дейін 1,1 миллионға жуық PPV жиналғаны айтылған. Олардың сатылымынан түскен түсім кем дегенде 94 миллион доллар болған.

Бұл сандарға қарасақ екінші кездесу Головкин мен Альварестің бірінші жекпе-жегіне жол берген, ол кезде 1,3 миллион PPV жинаған еді. Ал билеттер сатылымынан 27 059 850 доллар түскен болатын. Бұл бокс тарихындағы үшінші көрсеткіш еді, сондай-ақ телебағдарлама бағасының жоғарлығына байланысты екінші кездесуде PPV қомақты ақша әкелген.

Сонымен қатар, Альварес пен Головкиннің кепілдендірілген сыйақысы бес миллион долларды құраған. WBC президенті Маурисио Сулейманның дерегінше, екінші жекпе-жекте мексикалыққа 30 миллион, қазақстандық боксшыға 20 миллион долларға кепілдік берілген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер