BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 328.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.62 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.27
Астана:

Эден Азар «Реал Мадридке» ауысуы мүмкін

Лондондық «Челси» футбол клубының үздік ойыншыларының бірі Эден Азар Реал Мадридке ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі eurosport.ru сайтына сілтеме жасап.

Азар бұған дейін «Челсидің» екі ұсынысынан бас тартқан болатын. Бұған дейін Роман Абрамович 17,6 млн еуроға дейінгі соманы ұсынған. Эден өз кезегінде корольдік клуб сапында өнер көрсеткісі келетіндігін испаниялық AS баспасының журналистеріне мәлім еткен. Демек, келесі маусымнан бастап бельгиялық сұрмергенді Зинедин Зидан шәкірттерінің қатарынан көріп қалуымыз ғажап емес.

Айта кетейік, Эден Азар 2012 жылы франциялық Лилль командасынан «Челси» клубына ауысқан. Осы күнге дейін ол, лондондық клуб сапында 275 матч өткізіп, 81 голдың авторы атанды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер