BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Дзюдодан чемпионат жеңімпаздары ұлттық құрамаға кіреді – Қожамжаров

Фото: Нұржас Жақсыбай

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін "Дәулет" спорт кешенінде ҚР дзюдо федерациясының президенті Қайрат Қожамжаров дзюдодан ел чемпионатын ашық деп жариялады.

"Еліміз үшін өте маңызды күн. Себебі Астананың төрінде дзюдодан ел чемпионатын өткізіп отырмыз. Дзюдо – елімізде кең таралып отырған спорт түрі. Өйткені спорт пен дене шынықтыру Елбасымыз айтқан бастамалардың бірі. Кәсіби спортта біздің жетістіктеріміз еліміздің жетістіктерімен тепе-тең. Әртүрлі алаңдарда соның өзінде дүниежүзілік деңгейлерде біздің дзюдошыларымыз жеңсе әнұранымыз ойнап, туымыз биікке көтерілетінін жақсы білесіздер", - деді Қожамжаров.

Федерация басшысы қазақстандық дзюдошылардың жетістіктерін жоғары бағалады.

"Азия ойындарында, әлем чемпионатында соның ішінде жастар мен жасөспірімдер арасында көптеген жетістік бар. Чемпионаттың нәтижесінде еліміздің командасы құрылатын болады. Келесі Олимпиадаға өте аз уақыт қалды және әлем деңгейінде еліміздің намысын қолдан бермейтін өздеріңіз боласыздар. Бүгін нағыз мықтылар мен жеңімпаздар ұлттық құрама командасына кіреді. Сіздерге әрқашанда сәттілік тілеймін. Туымызды биік ұстап, абыройды ешкімге бермейік. Чемпионатты ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер", - деп сөзін түйіндеді ол.

13-16 қарашада Астанадағы "Дәулет" спорт кешенінде еліміздің барлық өңірінен келген 400-ге жуық спортшы өзара мықтыны анықтайды.

Еске сала кетсек, әлем чемпионы Максим Раков пен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Азамат Мұқанов екеуі спорттық карьерасын ресми түрде аяқтағанын мәлімдеген болатын.

Фото/видео: Нұржас Жақсыбай


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер