BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.65 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 393.33 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.67
Астана:

Джошуа Головкинді Тайсонмен салыстырды

Британиялық боксшы Энтони Джошуа (19-0, 19 КО) Fighthype.com-ға берген сұхбатында Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен Сауль Альварес (49-1-1, 34 КО) арасындағы жекпе-жекке қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Головкин тез шешім қабылдап, тек алға ұмтылатын боксшы, оның спорттық ғұмырының осы кезеңіндегі нокауттары мен жеңістерінің пайыздық үлесі Майк Тайсонның көрсеткіштерімен бірдей, яғни екеуінің арасында ұқсастық бар. GGG – дүлей күш иесі, бір жағынан «Канело» да өте жақсы тәжірибе жинады. Ол кәсіпқой боксқа 15 жасында келді, қазір 26-да, бұл спортта әлі бала десе болады, алайда ол қазірдің өзінде Мэйвезер секілді ұлы боксшылармен жұдырықтасып үлгерді. «Канело» маған ұнайды, жеңіске жетсе, жақсы болар еді. Головкиннің соққылары ауыр, «Канело» оны өткізбеуге тырысу керек, алайда бұл күштің емес, ақыл-ойдың жекпе-жегі болайын деп тұр», — деді Джошуа.

Айта кетейік, Головкин – Альварес кездесуі 16 қыркүйек күні (Қазақстанда 17 қыркүйек таңертең) Лас-Вегасте өтеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер