USD 335.61 EUR 361.32 RUB 5.26
Астана:

Дмитрий Баландин: Қазақстан Кубогінде Рио нәтижесі қайталанбауы мүмкін

Фото: bnews.kz

Рио олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин Қазақстан Кубогіне қатысу үшін Ақтөбеге келді. Ақтөбелік балалар мен жасөспірімдер ел мақтанышын әуежайдан қарсы алып, қолтаңбасын алды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Балалар үлкен қошеметпен қарсы алады деп ойламаған едім. Біз әдеттегі жарысқа келгенбіз. Ақтөбеге келген сәтте «балалар күтіп тұр» деп айтты. Ал әуежайға кіргенде қатты таң қалдым. Халық көп жиналған екен. Өте жақсы әсер алдым. Қазақстан Кубогы жарысына келер болсам, бұл жердегі нәтиже Олимпиададағы жетістіктен төмен болуы мүмкін. Себебі, жақсы дайындыққа уақыт тапшы болды. Мұнда еліміздің үздік спортшылары қатысады. Мен де бақ сынап, жанкүйер болып, жарыстың қызықты сәттерін бастан өткергім келді», - дейді Дмитрий Баландин.

Рио олимпиадасының чемпионы келер жылы Будапештте өтетін жарысқа дайындықты бастағанын жеткізді. Ол 20-23 қазан күндері «Достық» су спорты кешенінде өтетін Қазақстан Кубогінде жарысқа түседі. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Алиса Аманованың айтуынша, еліміз бойынша 16 команданың 200-ден астам спортшысы Ақтөбеге жиналды.

Айта кетейік, Ақтөбедегі жарысқа Паралимпиада чемпионы Зульфия Ғабидуллина да келеді деп күтіліп отыр.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады