BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Допинг дауы: қазақстандық екі спортшы жарыстан шеттетілді

Қазақстандық екі спортшы – ауыр атлет Владимир Седов және көркем гимнастшы Сәбина Әшірбаева допинг сынамалары оң нәтиже көрсеткені үшін ойындардан шеттетілді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Sports.kz басылымына сілтеме жасап.

Сәбина Әшірбаеваның 2017 жылдың сәуірінен маусымына дейін төрт рет фуросемид, гидрохлортиазид және хлортиазидке сынамалары оң нәтиже көрсетті. Енді ол жарыстардан екі жылға шеттетілді.

Ал Владимир Седовтің 2008 жылғы Олимпиададағы допинг сынамасы оң болып шықты. Бұл 2016 жылы белгілі болды. Қайта тексеру кезінде спортшының қанынан станазалол табылған.

Владимир Седов – 2009 жылғы әлем чемпионы. Сонымен қатар, әлемдік жарыстарда күміс, қола жүлделерді алған.

Сәбина Әшірбаева – Азияның үш дүркін қола жүлдегері (2014, 2015, 2016). Ол 2016 жылы Бразилияда өткен Олимпиадаға қатысқан болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер