BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.98 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 428.7 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.64
Астана:

Денис Тен ісі. Тағы бір адам қамауға алынды

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында журналистердің сұрақтарына жауап берген ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов Олимпиада чемпионы Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша тағы бір адам қамауға алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі

«Ия, қазір бұл іс бойынша үш адам қамауға алынған. Үшінші азамат қылмыс туралы хабарламағаны үшін жауапқа тартылып отыр», - деді Ахметжанов.

Бас прокурордың орынбасары жиналған айғақтардың шынайылығын прокурор тексеріп жатқанын айтты.

«Іс екі бап бойынша қозғалып отыр. Олар – пайдакүнемдік пиғылмен адамдар тобы болып қасақана кісі өлтіру және пайдакүнемдік пиғылмен адамдар тобы болып бұзақылық жасау. Жеткілікті айғақтар жинақталды, олардың шынайылығын прокурор тексеріп жатыр. Сот санкциясымен қамауға алу түріндегі шара қолданылды», - деген Ахметжанов тергеу құпиялы болғандықтан ұсталған үшінші азамат жайында ақпарат бере алмайтынын айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер