BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Данияр Елеусіновтің рейтингі жеңісінен кейін жоғарылады

Мажарлық боксшы Габор Горбичті (24-12, 14 КО) жеңгеннен кейін Данияр Елеусіновтің (3-0, 1 КО) танымал BoxRec.com сайтындағы рейтингі шарықтап кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Жартылай орта салмақ дәрежесіндегі рейтингте ол 75 орынға көтеріліп 256-орынға тұрақтады. BoxRec рейтингінде оның санаты бойынша WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Теренс Кроуфорд (33-0, 24 КО) көш бастап тұр.

Еске сала кетсек, кеше (Уэльс) Ice Arena Wales алаңында өткен бокс кешінде Данияр Елеусінов Горбичті ұпай санымен жеңді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер