USD 336.23 EUR 360.3 RUB 5.28
Астана:

Данияр Елеусінов өзі білім алған мектепте дене шынықтырудан ашық сабақ өткізді

Фото: Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ

Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов өзі білім алған Астана қаласындағы № 54 мектеп-лицейінде дене шынықтырудан ашық сабақ өткізді, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Данияр Елеусінов үлкен жетістікке жетудегі қадамның алғашқысы осы мектеп қабырғасында басталғандығын тілге тиек етті.

«Дене шынықтыру сабағын жақсы көретінмін. Осы спорт залда жаттықаным есімде. Жалпы, спорт саласында жетістікке жету үшін дене шынықтыруға бейім болу керек. Соны болашақ чемпиондар, жас жеткіншектер біле жүрсе екен», - деді Олимпиада чемпионы.

«Физкульт-Ура!» әлеуметтік жобасы аясында өткен ашық сабаққа 1996 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Юрий Мельниченко да қатысып, спортта жинаған тәжірибесімен бөлісті.

Атақты спортшылардан сабақ алу мүмкіндігіне аталған мектептің 5-сынып оқушылары ие болды. Түрлі жаттығулар мен қызықты ойындар ұйымдастырған спортшылар жасөспірімдерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

«Шынымды айтсам, олимпиада чепионы Данияр ағадан сабақ аламын деп ойламадым. Өте қуаныштымын. Алайда, көрсеткен жаттығулары өзгелерге таңсық болғанымен, маған үйреншікті. Өйткені мен бокспен шұғылданамын. Болашақта Данияр ағам сияқты атақты боксшы болып, мектебімнің ғана емес, елімнің де мерейін үстем еткім келеді», - деді мектеп оқушысы Ержігіт Болат.

Данияр Елеусінов өзі оқып, бітірген мектепке келіп, іні-қарындастарына дене шынықтырудан сабақ бергеніне дәне риза екендігін жеткізді. Осы кезде Олимпиада чемпионы болашақта өзін ұстаз ретінде көре ме деген сұрақ туды.

«Негізі бір-екі баланы жаттықтыру қолымнан келеді. Алайда, көп баламен жұмыс істеген өте қиын екен. Әсіресе, жасөспірімдермен. Көп қажыр-қайратыңды жұмсайсың. Енді уақыт көрсетеді. Кесіп-пішіп ештеңе айта алмаймын», - деді спортшы.

Алдағы уақытта жоба аясында еліміздің әр өңірінде танымал спортшылардың қатысуымен дене шынықтыру сабағы өтеді деп жоспарлануда. Осы уақытқа дейін 8 ашық сабақ өткен.

Арай Сүгірбай

Фото: Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ

Ұқсас сілтемелер:
16 Қараша 2016, 15:21
"Алтын адам" қойылымы
Пікірлер1
Kaskelen Q Pop Generation
Тексіз! Əруақты жоққа шығарған тексіз əрі малғұн неме!!! Адасқан Данияр.... Əлде марионетка! Бəлкім саған выбора не оставили... Да? Сказали либо уберем как Бекзата Саттарханова или все же скажешь несколько нелестно в адресс казахов!!! Бекзат умер с честью........... Этноцид и Геноцид казахов дело титаническое и комплексно-титаническое, долгосрочное..... Фильмы Борат и Келін были сняты по той же причине

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады