Бурабайда жыл сайын қайырымдылық Burabike веложарысы өтеді - Спорт|08 Тамыз 2018, 08:36
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.87 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 410.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Бурабайда жыл сайын қайырымдылық Burabike веложарысы өтеді

Фото: utemuratovfund.org

Қайырымдылық Burabike 2018 веложарысы дәстүрлі түрде 30 тамыз күні Щучинск – Бурабай курорт аймағындағы Rixos Borovoe отелінің аумағында өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылар – Rixos Borovoe отелі және Ақмола облысы әкімдігінің қолдауындағы Болат Өтемұратовтың қоры. Шараның өткізілу уақыты 9:00-ден 16:00-ге дейін.

Burabike – отбасы мен спорт мерекесі, яғни мақсаты – Қазақстандағы балалар ауруханасына қажетті өмірлік медициналық құралдармен жабдықтау үшін қаражат жинау. 5 жыл ішінде Burabike жарысына қатысушылар мен қонақтар қайырымдылыққа 470 миллион теңге аударған. Былтыр 168 429 890 теңге жиналған, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 15 есе көп (ол жылы веложарыс бірінші рет өткізілген болатын).

Қатысушылар саны да 5 жыл ішінде 8 есеге – 130-дан 1023 адамға дейін көбейген. Осы жылы 2000 адам қатысады деп күтілуде. Оның 600-і 30 километр қашықтықты бағындырып, өздерінің үлесін балалардың өмірін құтқаруға арнайды.

Веложарыстан түскен қаражаттың бәріне Меркі ауданындағы Орталық аурухана (Жамбыл облысы), Тимирязев аудандық орталық ауруханасы (СҚО), Панфилов ауылындағы перзентхана мен Алакөл аудандық орталық ауруханасы (Алматы облысы), Ағадыр кентіндегі ауылдық аурухананасына (Қарағанды облысы) қажетті өмірлік медициналық құрал-жабдықтар сатып алынады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер