BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.53
Астана:

Бүгін «Астана» мен чехиялық «Яблонец» ойнайды

Фото: Нұржас Жақсыбай

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «Астана» командасы өз алаңында Еуропа Лигасы топтық кезеңінің 4-турында Чехияның «Яблонец» командасына қарсы ойнайды. Осы орайда екі команданың бас бапкерлері ойын алдындағы футболшылардың дайындығымен бөлісті.

«Астана» бас бапкерінің міндетін уақытша атқарушы Григорий Бабаян ойын алдында жанкүйерлердің қолдауы өте маңызды екенін айтты.

«Қиын ойын болатынын түсінеміз. Чехиядағы ойында біршама қиындыққа тап болдық. Бірінші таймда тактикалық жағынан қиындықтар болды. Қазір ұйымшылдықпен ойнауға тырысып жатырмыз. Жанкүйерлер көптеп келіп, стадион атмосферасы тамаша болады деп үміттенемін. Чехтардың шабуыл шебі мықты, сондықтан оларға бос кеңістік қалдырмай, ұйымшыл ойнауымыз қажет», - деді Бабаян баспасөз мәслихатында.

Ол «Яблонец» командасының Чехия чемпионатында сырт алаңдағы соңғы екі ойында 12 гол соққан команда екенін атап өтті.

«Ашық ойын көрсетпекпіз, бірақ қорғанысты ұмытпау керек. Шабуыл шебіне жатып алудың қажеті жоқ. Чехтардың шабуыл шебі мықты. Бізге жазда келіп қосылған футболшылар бабына келу үшін уақыт керек. Әрине, олардың әлеуеті жоғары. Кім гол соғып жатқаны маңызды емес, ұжыммен шабуылдап, қолайлы сәттерді пайдалану маңызды», - деді бапкер.

«Яблонец» командасының бас бапкері Петр Раданың ойынша, жасанды алаң «Астана» үшін артықшылық болып отыр.

«Команда сапындағы 20 футболшы ойынға толықтай дайын. Олардың арасынан 18-ін таңдап аламыз. «Астанаға» келер болсақ, ол осыған дейін талай рет еуропалық кездесулерде ойнап, тәжірибе жинаған мықты команда. Бұл команданың дайындығы өте керемет. «Астана» қорғаныстан қарымта шабуылға жылдам шығуға тырысып, комбинациялық футбол ойнайды. «Астананың» шабуыл шебінде командаға қосымша күш беретін өте жақсы легионерлер бар», - деді Петр Рада.

Ол командада екі ұпай ғана барын, турнирлік кестедегі орындарын жақсарту үшін бүгінгі ойында көп ұпай алуға тырысатындарын айтты.
Матч бүгін Астана-Аренада сағат 21.50-де басталады. Чехияда өткен матчта екі команда 1:1 есебімен тең түскен болатын.

Фотолар: Нұржас Жақсыбай


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер