BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Бейбіт Шүменовтің қарсыласы 9-раундта бокстасудан бас тартты

Фото: автордан

Бүгін, 7 шілде күні Астана қаласындағы «Барыс Арена» мұз айдыны кешенінде WBA тұжырымы бойынша жартылай ауыр және бірінші ауыр салмақтарда әлем чемпионы Бейбіт Шүменов кәсіпқой рингтегі 18-ші жекпе-жегін өткізді. Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО) қарсыласы германиялық түрік Хизни Алтункаямен (30-1, 17 КО) WBA тұжырымы бойынша бірінші ауыр салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін қолғап түйістірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО) қарсыласы германиялық түрік Хизни Алтункаямен (30-1, 17 КО) WBA тұжырымы бойынша бірінші ауыр салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін болған тартысты бәсекеде өз әлін білген Алтункая 9-раундта бокстасудан бас тартты. Сөйтіп кәсіби боксқа екі жылдан кейін оралған жерлесіміз жеңіске жетті.

Бокс кешіне отандастарымыз Айдос Ербосынұлы, Миржан Раxымжанов, Бобиржан Моминов, Али Балоев, Арман Рысбек, Айдын Елжанов, Уәлиxан Бисенқұловтың қатысты.

Айта кетейік, Бейбіттің бокс мансабындағы ең алғашқы маңызды жарысы 2003 жылы Үндістанда өткен. Ал, тұңғыш Афро-Азиаттық ойындарында күміс жүлдені еншілеген еді. 2007 жылы Бейбіт Лас-Вегас қаласында тұңғыш рет кәсіби шаршы алаңға шығып, Уолтер Эдвардсты нокаутқа жіберіп, жеңіске қол жеткізген. Жойқын жеңістерінен кейін Бейбіт Ш.менов WBC Asian Boxing Council тұжырымдамасы бойынша 2008 жылдың боксшысы атанған.

Қазіргі уақытта Бейбіт Шуменов Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының рейтингінде екінші орында, ал қарсыласы Хизни Алтункая үшінші орында тұр.

Айта кетейік, бокс кешінің құрметті қонақтары: WBA-дің президенті Жилберто Хесус Мендоса, вице-президенті Хосе Оливер, ұйым директорлары - Джордже Мартинес, Мариана Борисова, Карлос Чавес Астанаға арнайы келіп отыр. Бокс кешін Майк Маркхам жүргізді. WBA атынан рингтегі рефери Тони Уикс болмақ, ал төрешілердің құрамына - Лешек Янковяк, Равел Кардини, Стефано Карозза кірді.

Астанадағы «Барыс Арена» мұз айдыны сарайында өтетін кәсіпқой бокс кешінің аясында 11 кездесу болды.

Ал, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары сағат 13:55-тен бастап тікелей эфирде көрсетті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер