BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 328.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 386.62 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.27
Астана:

«Барыс» xоккейшісі ҚХЛ мастер-шоуы кезінде буллит конкурсын жеңді

Фото: sports.kz

Астанада ҚХЛ жұлдыздары матчы аясында өткен мастер-шоуда ең әдемі айып соққысы конкурсын «Барыс» шабуылшысы Найджел Доус жеңді, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Чернышев» дивизионы командасында өнер көрсеткен астаналық «Барыс» ойыншысы Найджел Доус мұзға «xет-трик королі» костюмін киіп шықты. Ол қақпашыдан айласын асыра алмағанымен, «король» етегін (шлейф) ұстаған «Барыстың» кішкентай екі тәрбиеленушісі қолдарындағы шайбаны қақпаға жеткізді.

СКА xоккейшісі Никита Гусев те мастер-шоудағы ең әдемі айып соққысын орындады. Нәтижесінде «Барыс» сапындағы Найджел Доус конкурс жеңімпазы атанды.

Еске сала кетсек, жанкүйерлерге арналған хоккей жұлдыздары аптасы Астанада 11 қаңтарда басталды. Жарыстың алғашқы күні әйелдер лигасы мұз айдынға шықты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер