BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Қазақстан ІІІ Азия Параойындарында ел тарихында рекордтық медаль алды

Фото: ҰПК баспасөз қызметі

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Индонезиядағы ІІІ Азия Параойындары аяқталды. Қазақстанның Паралимпиада құрамасы 33 медальмен 13-орын алды. ҚР ҰПК атқарушы директоры Ерлан Сүлейменов мұндай жетістік ел тарихындағы алғашқы жетістік екенін Іnstagram парақшасында жазды.

«Бәрі де мүмкін! Қазақстан құрамасы үшін ІІІ Жазғы Азия Параойындары – Indonesia2018 аяқталды. Біздің рекордтық көрсеткішіміз: 90 спортшының 33 медалі (5 алтын, 15 күміс, 13 қола медаль – ред.). Егер екі медальдің командалық екенін ескерсек, онда біздің құраманың жартысы үйіне медальмен қайтады деп есептеуге болады. Мұндай жетістік болған емес. Құрамадағы адами ресурстың медаль тиімділігі – 50%. Яғни әрбір екінші спортшы Қазақстанға медаль сыйлады», - деп жазды ведосмтво өкілі.

Қазақстанның Ұлттық Паралимпиада құрамасы жалпыесептік көрсеткіште 13-орынға тұрақтады.

«Құрамамыз 5 алтынмен 13 орын алды. Ойындарға спорттың 9 түрінен өтінім беріп, 6 түрінен медаль алдық. Азия ойындарының тарихында алғаш рет волейболшылар, пауэрлифт спортшылар, дзюдошылар және шахматшылар медаль алды. Бұл дегеніміз спорттың осы түрлерінің Қазақстанда жақсы дамып жатқанын білдіреді. Оның үстіне елімізде Паралимпиада спортын қаржыландыру өте төмен деңгейде», - деп бөлісті атқарушы директор.

Спортшылар 14 қазанда елге оралады.

«Біздің спортшыларымыз соңғы 5 жылда Паралимпиадалық ойындарда жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Алдымызда Токио. Ал, қазір Джакартадағы соңғы күндерімізден ләззат алу қалды. Қазақстан құрамасы 14 қазанда сағат 16.55-те Алматыға келеді. Батырларыңды қарсы ал, елім!!!» - деп жазды Ерлан Сүлейменов.

ІІІ Азия Параойындарында медаль саны бойынша Қытай 319 медальмен (172 алты, 88 күміс, 59 қола) көш бастап тұр. Корея Республикасы 145 жүлде (53-45-47) екінші орында. Ал үздік үштікті Иран 136 медальмен (51-42-43) аяқтайды. Қатысқан елдердің нәтижесін Параойындардың ресми сайтынан көре аласыздар.

A post shared by YERLAN SULEIMENOV (@yerlansuleimenov) on


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер