BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.98 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 428.7 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.64
Астана:

Бапкер «Астана-Динамо» матчы туралы: Модрич пен Ракитичтің ойнамайтыны қуантады

Фото: Нұржас Жақсыбай

«Астаны» клубының бас бапкері Роман Григорчук «Динамоға» қарсы Чемпиондар лигасының іріктеу матчы алдында журналистер сауалына жауап берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бапкер баспасөз мәслихатында «Ақтөбемен» өткен мачта бірнеше жас ойыншыға мүмкіндік бергенін атап өтті.

«Біз әрбірін байқап жүреміз және әрқайсысы алаңда өздерін көрсететініне сенеміз. Жас футболшылар «Ақтөбемен» жақсы ойнады. Балалар бізбен жаттығады. Бұл дегеніміз олардың деңгейін түсінуге мүмкіндік береді. Прокопенко, Сұлтан — олар бізбен бірге дайындалады. Болашақта Еурокубокта ойнайтындай дайындықта болатынына сенеміз. Жас футболшыларды дамыту өте маңызды», - деді Григорчук.

Ол қарсылас команданың күшіне баға берді.

«Динамо» – тарихы бай еуропа футболының бренді. Бір сөзбен айтқанда бұл берік, төселген мықты команда. Ертең біздің мақсатымыз «Динамоны» басып өтуіміз керек. Әрі қарай жылжу үшін мүмкін нәрсенің барын жасауға тиіспіз. Құдайға шүкір, ертеңгі күніміз сәтті өту үшін жақсы дайындалдық», - деді ол.

Бапкер Жуниор Кабананганың дайындығы туралы атап өтті.

«Кабананга жүз процентке дайын бола алмайды. Ол жақында ғана жаттығуды бастады. Оған уақыт керек», - деп қысқа қайырды.

Журналистердің бірі Хорватияның биыл әлем чемпионатында мықты ойнағанын, сол себепті осы жолы «Астана» үшін сәтсіз қарсылас кездескенін атап өтті.

«Модрич пен Ракитичтің ойнамайтыны қуантады. Хорватияда мықты футболшылар көп, соның ішінде мұндай ойыншылар «Динамода» да жетерлік. «Динамо» – жоғары деңгей. Қарсыластың күші қандай екенін білсек те біздің де мүмкіндігіміз бар. Сол үшін де олармен күресетін боламыз», - деп сөзін түйіндеді Григорчук.

Видео: Нұржас Жақсыбай


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер