BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

БАҚ Головкиннің мансабындағы ең маңызды 5 жекпе-жекті атады

Sportingnews.com сайты Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) кәсіби мансабындағы бес басты жекпе-жегінің рейтингін жасады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

5. Геннадий Головкин (27-0*) — Кёртис Стивенс (25-3). Нью-Йорк. 2013 жылдың 2 қарашасы. Қорытынды — сегізінші раундта қарсыласы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартып, Головкин жеңіске жетті.

4. Геннадий Головкин (33-0) — Давид Лемье (34-2). Нью-Йорк. 2015 жылдың 17 қазаны. Қорытынды — сегізінші раундта Головкин техникалық нокаутпен ұтты.

3. Геннадий Головкин (35-0) — Келл Брук (36-0). Лондон. 2016 жылдың 10 қыркүйегі. Қорытынды — бесінші раундта отандасымыз техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

2. Геннадий Головкин (32-0) — кіші Вилли Монро (19-1). Инглвуд. 2015 жылдың 16 мамыры. Қорытынды — алтыншы раундта Головкин қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

1. Геннадий Головкин (36-0) — Дэниэл Джейкобс (32-1). Нью-Йорк. 2017 жылдың 18 наурызы. Қорытынды — төрешілер бірауыздан жеңісті Головкинге берді.

Естеріңізге салып өтсек, қазақстандық боксшы тағы бір маңызды жекпе-жегін 16 қыркүйекте (Астана уақытымен 17 қыркүйек күні таңертең) Лас-Вегаста мексикалық Сауль Альвареске қарсы өткізеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер