BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 365.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Азия Параойындары-2018: Қоржынымызда 23 медаль бар

Фото: ҰПК баспасөз қызметі

10 қазандағы жарыс күнінде Қазақстан құрамасының қоржынына тағы 8 медаль түсті. Олардың біреуі алтын, 4-еуі күміс және 3 қола медаль, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі ҚР Ұлттық Паралимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сәрсенбінің қорытындысы бойынша, Қазақстан жалпыкомандалық есепте 23 медальмен 13 орынға ығысты. Сейсенбі күні 12 орынға тұрақтаған болатын. Әзірге Қазақстан қоржынында 23 медаль: 4 алтын, 10 күміс, 9 қола бар.

Фото: ҰПК баспасөз қызметі

Кеше Ержан Сәлімгереев тағы алтын медаль алды. Ол 50 м қашықтықта еркін стильмен жүзіп, тұғырдан көрінді. Дәл осы дисциплинада, тек 200 м қашықтықта Зүлфия Ғабидулина қола жүлдегер болды. 100 м браспен Сергей Кинах күміс медаль алды. Дәл осы дистанцияда, бірақ басқа класта Әнуар Ахметов күміс алып, жеке рекорд орнатты. 50 м еркін стильде Сергей Кинах пен Дмитрий Ли тағы да жақсы нәтиже көрсетті, елімізге күміс және қола медальдарды сыйлады.

Фото: ҰПК баспасөз қызметі

Жеңіл атлет Равиль Мансұрбаев ядро лақтырудан 14,66 м көрсеткішпен күміс медаль алды. Басқа класта ядро лақтырудан Иван Залезняк 11,69 м нәтижемен қола жүлдеге ие болды.

Бүгін Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Макао және Қытай спортшыларымен ойнайды. Егер Макаоны жеңсе, онда теннисшілер жүлдеге үміткер бола алады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер