BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.86 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Азия Параойындары-2018: Қазақстан қоржынына 2 алтын медаль түсті

Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан ІІІ Азия Параойындарында Қазақстан құрамасы екі алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

«Ерлер арасында 50 м қашықтыққа баттерфляй әдісі бойынша жүзген спортшымыз Сиязбек Далиев және еркін әдіс бойынша 100 метр қашықтықта Ержан Сәлімгереев бірінші орын алып, Азия Параойындарындағы Қазақстанға алғашқы алтын жүлделерді сыйлады. Өте қуаныштымыз», - деді ҰПК баспасөз хатшысы Рүстем Райымбек.

Еске сала кетсек, бұған дейін ІІІ Азия Параойындарының екінші күнінде Қазақстан қоржынына 7 медаль түскенін хабарлаған болатынбыз.

A post shared by Kazakhstan Paralympics (@kazparalympics) on


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер