BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 365.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Азия Параойындары-2018: Қазақстан құрамасы екінші күнде 7 медаль алды

Фото: ҰПК баспасөз қызметі

Кеше Джакартада ІІІ Азия Параойындарының екінші күні аяқталды. Бұл күні Қазақстан құрамасының қоржынына 7 медаль: 4 күміс және 3 қола түсті. Енді барлығы туралы рет-ретімен баяндасақ, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Таңертең Давид Дегтярев пара Пауэрлифтингтен 54 кг дейінгі салмақ бойынша 157 кг нәтижемен күміс жүлдеге ие болды. Содан сәл кейінірек спорттың дәл осы түрінен Гүлбану Әбдіқалықова әйелдер арасында 50 кг дейінгі салмақ бойынша 82 кг көтеріп, күміс медаль қанжығалады.

Фото: ҰПК баспасөз қызметі

Таңертең дзюдошыларымыз: Әнуар Сариев 60 кг дейінгі салмақта және Азамат Тұрымбетов 66 кг дейінгі салмақта жартылай финалға шықты. Әнуар жартылай финалда жеңіліп қалды, ал Азамат жеңді. Сонда бізде бір күміс медаль және кемінде бір қола медаль болатынына сенімді болдық. Қола жүлдеге тартыста Әнуар Сариев жапондық спортшыдан ұтылып қалып, төртінші орын алды. Азамат финалда Рио-2016 чемпионы, Азия ойындарының үш дүркін чемпионы өзбекстандық Уткиржон Нигматовтан жеңіліп қалды. Солайша Азамат Тұрымбетов күміс жүлдеге ие болды.

Фото: ҰПК баспасөз қызметі

Жергілікті уақыт бойынша сағат 17.00-де Қазақстанның волейболды отырып ойнаудан спортшылары Мьянма құрамасын 3:0 есебімен жеңді. Ертең Бауыржан Тахауов жаттықтыратын спортшылар ойын иелері Индонезия құрамасымен ойнайды. Сондай-ақ, ертең Қытай мен Иран ойындарынан кейін полуфиналда еліміздің қарсылас командасы белгілі болады.

Фото: ҰПК баспасөз қызметі

Ал, пара жүзуден 100 м қашықтықта еркін жүзі стилі бойынша тағы да Дмитрий Ли қуантты. Ол күміс медаль алды. Ибрашев Мансұрбек 100 м еркін стильден, бірақ басқа классификацияда қола жүлдені қанжығалады. Далиев Сиязбек 50 м қашықтықта арқамен жүзуден қола медаль алса, Рио-2016 Паралимпиадасының чемпионы Зүлфия Ғабидулина 50 м қашықтықта арқамен жүзуден ел қоржынына күміс медаль сыйлады.

Фото: ҰПК баспасөз қызметі


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер