BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 365.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Азия Параойындары-2018: Ел құрамасы үшінші күнде 6 медаль алды

Фото: ҰПК баспасөз қызметі

ІІІ Азия Параойындарының үшінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасы 6 медаль алып, жалпыкомандалық есепте 12 орынға көтерілді, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Күндіз пара дзюдошы Дәулет Теміржан 73 кг дейінгі салмақ дәрежесі бойынша қола медаль алды. Содан кейін Рио-2016 Паралимпиадасының күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаева 67 кг дейінгі салмақта 114 кг дейін көтеріп, күміс жүлде алды.

Фото: ҰПК баспасөз қызметі

Кешке қарай AquaticCenter бассейнінде Қазақстан гимні спортшыларымыз – Сиязбек Далиев, Ержан Сәлімгереев және Зүлфия Ғабидулинаның арқасында үш рет шырқалды.

Фото: ҰПК баспасөз қызметі

Сиязбек Далиев 50 метрді баттерфляй бойынша 37,4 секундқа жүзіп келіп, жарыста рекорд орнатып, Қазақстанға алғашқы «алтынды» сыйлады. Кейін ерлер арасында 1000 м қашықтыққа еркін стильде жүзіп, Ержан Сәлімгереев Қазақстанға алтын жүлдені әкелді.

Олардан соң қоржынымызды Дмитрий Ли 200 м кешенді жүзуден күміс медальмен толықтырды. Ал соңында Зүлфия Ғабидулина «өзінің қашықтығында» - еркін стильде 100 м жүзіп, 01:42.27 деген көрсеткішпен ел құрамасының үшінші «алтынын» алды.

Фото: ҰПК баспасөз қызметі

Сонымен қатар, Қазақстанның волейболды отырып ойнаудан құрамасы Индонезия спортшыларын 3:0 есебімен жеңіп, турнирдің жартылай финалына шықты. Енді олар Қытай құрамасымен финалына таласады. Ал екінші жартылай финалда Иран мен Ирак құрамалары ойнайды.

Фото: ҰПК баспасөз қызметі


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер