BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.86 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Азия Параойындары-2018: Болат Қабыжанов шахматтан күміс медаль алды

Фото: скрин

Астана. Вaq.kz тілшісі. Бүгін Индонезияда өтіп жатқан ІІІ Азия Параойындарында қазақстандық спортшы Болат Қабыжанов шахматтан екінші орын алды. Бұл туралы ҚР Ұлттық Паралимпиада комитетінің Instagram парақшасында жазылды.

Пара спортшы Болат Қабыжанов ел құрамасының қоржынына он төртінші күміс жүлдені сыйлады. Осымен дәл қазір Қазақстан құрамасында 5 алтын, 14 күміс, 13 қола медаль – барлығы 32 жүлде бар.

Фото: ҰПК баспасөз қызметі

Естеріңізге салсақ, кешегі күн Қазақстанның волейболды отырып ойнаудан құрамасы Ирак спортшыларын 3:0 есебімен жеңіп, қола медаль алудан басталды. Осылайша, біздің жігіттер Азия Параойындарындағы алғашқы медалін – қола жүлдені алды.

Фото: ҰПК баспасөз қызметі

Пара дзюдошылар Жапония құрамасын жеңіп, қола медаль иеленді.

Сонымен қатар, жүзуден Дмитрий Ли ерлер арасында 400 м қашықтыққа еркін стильде жүзуден өзі ұзақ күткен «алтынды» алды. Зүлфия Ғабидулина 50 м қашықтыққа еркін стильде жүзуден күміс медаль иемденді. Алина Дубинина 100 м қашықтыққа еркін стильде жүзуден қола жүлдегер атанды. Мансұрбек Ибрашев 100 м браспен жүзуден жапониялық спортшыдан кейін келіп, күміс медаль алды.

Пара жеңіл атлетикада Сергей Харламов 4,62 м ұзындыққа секіріп, күміс жүлдені иемденді.

Пауэрлифтингтен спортшыларымыз тағы да қуантты. Рахметжан Хамаев 88 кг салмақ категориясында 197 кг нәтижесімен күміс медаль алды.

Фото: ҰПК баспасөз қызметі


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер