BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Азиададағы жетістіктері үшін спортшылар Қарағанды облысы әкімінің сыйлығын алды

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Джакартадағы (Индонезия) ХVIII жазғы Азиа ойындарына қатысушылармен кездесті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Аймақ басшысы спортшылар мен олардың ұстаздарына халықаралық біріншілікте сәтті өнер көрсеткендері үшін алғыс айтып, медаль иелеріне ақшалай сыйлық табыс етті. Азиада чемпионы Бағлан Ыбраһым жерлестерінің атынан марапат ретінде Жезқазған қаласында бір бөлмелі пәтер алды.

«Сіздер ХVIII Азиа ойындрында сәтті өнер көрсеттіңіздер. Біз сіздерге жанкүйер болдық. Сіздердің әрбір ойындарыңызды тамашаладық, медальдарыңыз үшін шын жүректен қуандық. Барлық жанкүйер қарағандылықтардың атынан сіздерге алғысымызды білдіріп, үлкен рахмет айтқымыз келеді. Азиадаға қатысу – ол сіздердің жеке жеңістеріңіз, ал иеленген медальдеріңіз – біздің ортақ жеңісіміз, біздің елдің, біздің облыстың жетістігі. Қазақстанның көкбайрағы осы секілді ірі сайыстарда жиірек жоғары көтеріле берсін. Біз сіздерге сенеміз және жаңа жеңістерді күтеміз», - деді Ерлан Қошанов спортшыларға.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысының атынан ел құрамасының қатарына 10 спорт түрі бойынша 34 спортшы енді. Қарағандылықтар 11 медаль ұтып алды: 1 – алтын, 3 – күміс, 7 – қола. Облысымыздың 9 спортшысы 4-орынды иеленді.

Кездесу барысында Азиадаға қатысушылар және олардың бапкерлері өз әсерлерімен бөлісіп, алдағы халықаралық біріншіліктер туралы айтты.

Спортшыларға марапаттар табыс етілді. Алтын медалі үшін самбошы Бағлан Ыбраһым 1,5 млн теңге облыс әкімі сыйлығын және Жезқазған қаласында бір бөлмелі пәтер кілтін алды.

«Пәтер – ол меценаттар, жезқазғандықтар мен қарағандылықтар атынан жасалған сыйлық. Бұл – біздің жанашыр жерлестеріміздің алғысы. Мен жай ғана кілтті табыс етіп отырмын», - деп атап өтті Ерлан Қошанов.

Күміс жүлдегерлерге сыйлық 1 млн теңгені, ал қола медаль иегерлеріне – 750 мың теңгені құрады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер