BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қазақстандық Столяренко В тобында екінші болды

Астана, BAQ.KZ. Ашхабадта өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем біріншілігінде В тобында әйелдер арасындағы 71 келіге дейінгі салмақта жарыс аяқталды.

Мұнда қазақстандық Екатерина Столяренко қос сайыс қорытындысы бойынша екінші болды, - деп жазды Vesti.kz.

Столяренкоға сегіз спортшы қарсылас болды. Жұлқа көтеруде қазақстандық зілтемірші үшінші болды - 94 келі.

Ал серпе көтеруде бірінші болып, алға қарай жылжи алды - 118 келі көтерді.

Қос сайыс қорытындсы бойынша 20 жастағы спортшы екінші орында тұр - 2012 келі. Енді ол А тобының қорытындысын күтеді. Бұл топ қорытындысы негізінде қатысушылардың орны анықталады.

Қазақстан құрамасында әзірге Арли Чонтей қол жеткізген жалғыз күміс жүлде ғана бар. Ол 55 келіге дейінгі салмақта екінші болды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер