BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Атырауда алғаш рет парадзюдодан әлем кубогі өтіп жатыр

Қазақстандағы алғашқы Әлем кубогінде 200-ге жуық балуан белдесуде, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

9 қыркүйекте Атырау қаласында парадзюдодан әлем кубогының ашылу салтанаты өтті. Онда Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев және шетелден келген бір топ меймандар қатысты. Аймақ басшысы барша қатысушыларға сәттілік тілеп, тартысты да әділ жарыс көргісі келетінін жеткізді.

Әлем кубогының нәтижесі бойынша Токио 2020 Паралимпиадасына лицензиялық ұпайлар таратылатының ескерсек, бұл доданың маңыздылығы ерекше. Мұнайлы өлкедегі тартысқа әлемнің 20 елінен 200-ге жуық балуан жиналған. Олардың ішінде Паралимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарының жеңімпаздары бар.

Қазақстан құрамасы әзірге 2 қола жүлде еншіледі. 60 келі салмақта Олжас Оразалыұлы мен 66 келіде Азамат Нокушев үздік үштіктен көрінді. Ал, атыраулық 3 балуан бүгін бақтарын сынайтын болады. Ақтық кезең бүгін 14:00-де «Атырау» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өтеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер