BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.53
Астана:

Әлемдегі ең ересек футболшы өзінің клубымен келісімшартын ұзартты

2017 жылы наурызда футбол тарихындағы ең ересек кәсіби футболшы атанған 50 жастағы шабуылшы Кажуоши Миура екінші жапон дивизионында өнер көрсететін «Йокогама» командасымен келісімшартты ұзартты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі sport.rbk.ru сайтына сілтеме жасап.

Өткен маусымда Миура «Йокогама» сапында 12 ойын өткізіп, бір гол соққан. Сонымен қатар, наурыз айында әлем рекордын жаңартты. Ол 50 жасына дейін аладоппен өмірін өткізген. 1956 жылы Англия чемпионы Стэнли Мэтьюздің «әлемнің ең ересек кәсіби футболшысы» атты рекордын қайталады.

Миура өзінің спорттық мансабын 15 жасында бастады. Кәсіби футболшы атану үшін ол Жапониядан Бразилияға аттанған еді. Оңтүстік Америкада ол «Сантос», «Палмейрас», «Мацурабу», «КРБ», «XV де Жау» және «Коритибу» секілді клубтарда өнер көрсеткен. Сегіз жылдан соң ол Жапонияға оралып, «Эмири-Верди Кавасаки» клубымен келісімшартқа отырды. Еуропада ол «Дженоа» және «Кроацио» секілді клубтардың қатарында ойнаған. Алайда Миураның Еуропадағы жорығы сәтсіз аяқталды.

Жапония ұлттық құрамасына Миура 1990 жылы 23 жасында шақырылып, ұлттық құрамада 89 ойын өткізіп, соның 55 голының авторы атанған. Спорттық мансабында 700-ден астам матч өткізіп, 230-дан астам гол соққан (ұлттық құрама сапындағы алғашқы матчтар бойынша нақты статистика жоқ).

Миура клубтық мансабында - 1989 жылы «Коритибамен» бразилиялық Паранаэнсе лигасының чемпионы атанды (Бразилияның Паранана штатының чемпионаты), ал 1992 жылы Жапония ұлттық құрамасымен бірге Азия кубогын жеңіп алды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер