Астаналық жас хоккейші АҚШ-тың жасөспірімдер лигасына шақырту алды - Спорт|15 Мамыр 2018, 21:15
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.87 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 410.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Астаналық жас хоккейші АҚШ-тың жасөспірімдер лигасына шақырту алды

Фото: Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасы

Елордалық №10 хоккей мектебінің тәрбиеленушісі Владислав Сайко USHL – АҚШ-тың ең мықты жасөспірімдер лигасына шақырылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі қалалық мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Астаналық спортшы АҚШ-тың Des Moines Buccaneers командасында ойнайтын болады.

Атап өтсек, 17 жасар спортшы – ҰХЛ үшін спортшыларды дайындайтын басты америкалық лигаға шақырылған алғашқы қаақстандық хоккейші.

«Бұл Владиславтың және «Астана» спорт мектебі оқытушыларының қажырлы еңбегінің жемісі», - деп атап өтілген хабарламада.

Владислав Сайконы алғаш болып кішкентай кезінде жаттықтырушы Роберт Мазинш байқаған.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана» - 2001 командасының бұрынғы капитаны Владислав Сайко №10 «Астана» хоккей мектебінде білім алады. Балалар-жасөспірімдер командасының сапында үш маусым бойы ойнаған форвард бір алтын және екі күміс медаль алды.

Елордалық «Астана» спорт мектебінің шабуылдаушысы 2016 жылғы маусымды «Эссят» фин клубының жүйесі бойынша өткізді, ол үш жас санатында өнер көрсетті 16 жасқа дейін, 17 және 18 жас. Спортшы 34 матчта 45 (22+23) ұпай жинаған.

Біраз тәжірибе жинаған Владислав Сайко «Астана»кәсіпқойлар командасында ойнай бастайды. 2017/2018 маусымда 36 (20+16) ұпай жинады, сондай-ақ «Құлагер» командасының (Петропавл) сапында өнер көрсетті. Әлем чемпионатында елордалық хоккей мектебінің форварды Словения құрамасымен кездесуде қазақстандық жастар құрамасының сапында дубль (екі шайба кіргізді) орындап, үш ұпай (2+1) жинады.

Айта кетейік, USHL – Американың басты жасөспірімдер хоккей лигасы, ол 16 хоккей клубынан тұрады. USHL құрамына 16-20 жастағы ойыншылар кіреді. USHL Солтүстік Американың ең мықты жасөспірімдер лигасының бірі – Горди Хоу, Брендон Боченски, Джо Повелски, ҰХЛ клубының шабуылдаушысы Ти Джей Оши сынды танымал ойыншылар және т.б. осы лигадан шыққан. Лиганың көптеген түлектері олимпиада чемпиондары атанған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер