BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 414.71 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.53
Астана:

Астаналық спортшылар халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды

Украинаның Херсон қаласында бокстан КСРО спорт шебері Николай Мангераны еске алуға арналған XIII халықаралық турнир мәресіне жетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жарыс АІВА жарыстарының техникалық ережелеріне сәйкес 10 салмақ санатында 9-15 сәуір аралығында өтті.

Чемпионатта 8 мемлекеттен 75 спортшы күш сынасты, атап айқанда, Әзербайжан, Ауғанстан, Беларусь, Индонезия, Қазақстан, Молдова, Өзбекстан және Украина. Астаналық боксшылар беделді турнирде жақсы өнер көрсетті. Спортшылар 2 күміс және 1 қола медаль иеленді.

Бокстан 2017 жылғы Ислам ойындарының чемпионы Азат Махметов жартылай финалда индонезиялық боксшыны жеңіп, күміске қол жеткіді.

Екінші күміс медаль Нұрболат Сермахановтың еншісінде. Спортшы 91 кг артық салмақта жұдырықтасады.

Финалда қарсыласына 3-2 есебімен есе жіберген Қанағат Маралов қоланы қанағат тұтты. Спортшы бокстан ҚР спорт шебері болып табылады.

- Николай Мангераны еске алуға арналған халықаралық турнир жыл сайын ұйымдастырылады және ол А классындағы турнирге жатады. Біздің спортшылар жақсы нәтижелер көрсетті. Махметов пен Сермаханов қастары жарылғандықтан финалдан дәрігердің шешімімен алынып тасталды, - деді Астана қаласы әкімдігінің Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушысы, бокстан елорданың аға бапкері Марат Манашев.

Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, 4-9 маусым аралығында Астанада бокстан ҚР Президенті кубогына халықаралық жарыс өтеді. Бұл жарыстың қорытындысы бойынша 2018 жылы Индонезияда өтетін жазғы Азия ойындарына боксшылар іріктелетін болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер