Астанадағы бокс кеші: Димаш Ниязов жеңіске жетті - Спорт|09 Қыркүйек 2017, 19:03
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Астанадағы бокс кеші: Димаш Ниязов жеңіске жетті

Фото: Абзал Қалиев

Астанадағы «Сарыарқа» спорт сарайында өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінде Димаш Ниязов қарсыласын жеңді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Орта салмақта рингке шыққан Димаш Ниязов алты раундқа созылған жекпе-жекте қарсыласы бразилиялық Эдуардо Перейра дос Рейстен басым түсіп, он екінші жеңісіне ие болды.

Эдуардо Перейра дос Рейс осы уақытқа дейін 22 жекпе-жек өткізіп, оның 18-інде нокаутпен жеңіске жеткен. Ал Америка қазағы Димаш Ниязов 11 кездесу өткізіп, оның үшеуінде жеңіліс тапқан.

Еске сала кетсек, кәсіпқой бокс кеші ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында өтуде. Алғаш болып рингке шыққан Мейірім Нұрсұлтанов қарсыласын бірінші раундтың 50-секундында құлатты. Осылайша бразилиялық Исмаэл Буэноны нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.

Фото: Абзал Қалиев

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер