Астанада xоккейден «Жұлдызды апта» ойындары басталды - Спорт|10 Қаңтар 2018, 17:55
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.12 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.67 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Астанада xоккейден «Жұлдызды апта» ойындары басталды

Фото: astana.gov.kz

Астанада ҚХЛ-дың «Жұлдызды апталығы» ойындары басталды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Астанада қаңтардың 10-14 күндері ҚХЛ «Жұлдызды апта» ойындары өтеді. Төрт күнде құрлықтық, жастар және әйелдер хоккей лигаларына қатысатын спортшылар елордалықтарға ерекше шоу сыйламақ.

Бүгін «Барыс Арена» мұз айдынына бірінші болып әйелдер лигасының үздіктері шығады. Өткен жылдағыдай #СұлуларЛигасы жұлдызды матчтың басты жүлдесі үшін «Шығыс» және «Батыс» дивизионы болып ойнайды.

«Шығыс» дивизионы құрамасының сапында ойнайтын Уфалық «Агидель» әйелдер командасының ойыншысы Анна Пругова алдағы болатын ойын туралы ойымен бөлісті.

«Біз Астанаға таң ата келдік, жол ұзақ болды. Әзірге Астананы араламадық. Дегенмен маған әуежай ұнады. «Барыс Арена» да әдемі ғимарат екен. Ойынға келер болсам, «Шығыс» және «Батыс» болып ойнаймыз. Біздің ойын тартысты болады. Екі құраманың да мақсаты - жеңіске жету», - деді «Шығыс» дивизионы құрама командасының қақпашысы Анна Пругова.

Аталған құрама жаттықтырушысы xоккейші қыздардың ойынға сақадай сай екенін айтады.

«Әдемі ойын көрсеткіміз келеді. Спорттың осы түрін насихаттауға жұмыс жасаудамыз, ойын жолдастық болса да барлық спортшы жеңіске жеткісі келеді. Осы жылы біздің құрамымыз жақсы ойыншылармен толықты. Оңай қарсылас емеспіз. Әр ойыншыда мінез бар. Дәстүрлі ойыннан бір айырмашылығы қара күшке емес, ойынға көп көңіл бөлеміз», - деп атап өтті «Шығыс» құрама командасының бас жаттықтырушысы Денис Афиногенов.

Еске сала кетсек, ойын арасындағы үзілістерде ӘХЛ үздіктері жылдамдыққа, техникалық ойынға байланысты түрлі жаттығу көрсетіп, тәжірибелерімен бөлісетін болады. Жұлдызды команда құрамында қазақстандық «Томирис» әйелдер клубының екі ойыншысы бар.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер