BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Астанада Күнтуған Тоқтыбайұлы атында құсбегілердің халықаралық турнирі өтеді

Астана, BAQ.KZ. Елорданың іргесінде өтетін құсбегілердің халықаралық турнирін тамашалаудан қапы қалмаңыздар. Атақты бүркітші Күнтуған Тоқтыбайұлы атындағы құсбегілердің халықаралық турнирі және Астана қаласының ашық біріншілігі аталатын бұл жарыс биыл төртінші рет ту көтермекші.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жылдық күнтізбелік жоспары бойынша өткізілетін турнирдің негізгі ұйымдастырушылары – ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы, Астана қаласы әкімдігі, Астана қалалық мәдениет және спорт басқармасы. Халықаралық турнирде Қазақстанның онға жуық облысының және Монғолия, Ресей, Қырғызстан мемлекеттерінің бүркітшілері бақ сынайды.

Жарыстың алғашқы күні бүркітті, қаршығаны, ителгіні қолға шақыру және бүркітті еркін ұшыру, шырғаға салу бәсекелері тамашаланса, екінші күнгі жарыс бүркітті қоянға, түлкіге салу, қаршығаны кептерге салу, ителгіні далбайға ойнату бойынша өткізіледі.

Халықаралық турнирдің өткізілетін жері – Алаш тас жолының бойында (Астана мен Қоянды ауылының аралығы). Басталуы сағат 10.00-де. Турнирдің салтанатты ашылуы 21 қазан күні, сағат 11.00-де басталады.

20-21 қазан күндері «Қаз-медиа» ғимаратының жанынан баспасөз қызметкерлері үшін арнайы автокөлік жүреді. Жүретін уақыты: сағат 09.15.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
19 Қараша 2018, 15:36
Астанада күн жылынады
Пікірлер