USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Астанада конькимен жүгіруден Әлем кубогының ІІІ кезеңі өтеді

Фото: astana.gov.kz

2016 жылдың 2-4 желтоқсанында «Алау» мұз айдын сарайында Әлем кубогының ІІІ кезеңі өтеді. Шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылып отыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шараны ұйымдастырушылар – Астана қаласының әкімдігі, ҚР мәдениет және спорт министрлігі, сондай-ақ «Ұлттық конькимен жүгірушілер федерациясы» РҚБ.

Спорттық журналисттер мен фотокорреспонденттерді аккредитациялау басталды, ол үшін белгіленген үлгідегі нысанды толтырып, nfk_pr@mail.ru электронды поштасына жолдау керек.

Өтінімдер 4 қарашаға дейін қабылданады.

Айта кетейік, жақында Астанада конькимен жүгіруден ҚР Кубогы өткен болатын. Жарыстың қорытындысы бойынша Әлем кубогының кезеңдеріне қатысатын ел құрамасына кіретін спортшылар анықталды.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады