BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Астанада киокушинкай-кан каратэден Азия Чемпионаты өтеді

16-17 маусым күндері «Дәулет» спорткомбинатында Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай киокушинкай-кан каратэден балалар, жасөспірімдер, кіші жастағы қыздар, ерлер және әйелдер арасында Ашық Азия Чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл Чемпионатта кумитэ және ката түрі бойынша 12 жастан жоғары спортшылар 37 кг салмақ бойынша сынға түседі.

Құрлықтық бәсекеге 12 мемлекеттен 250-ге жуық спортшы қатысады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда чемпионатқа Иран, Ирак, Үндістан, Ауғанстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей, Жапония, Монғолия, Түркменстан мемлекеттері қатысатындығын растады.

Жылдың байрақты бәсекесінде ел намысын ерлер арасындағы Әлем чемпионы Алишер Карменов, 2015 жылдың Азия Чемпионы, Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Никита Гарас, әйелдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әлемгүл Сабырхан, жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Мадина Сауытова сынды еліміздің үздік жас татами шеберлері қорғайтын болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер