BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.04 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Астанада грэпплингтен Азия чемпионатына іріктеу басталды

Астана, BAQ.KZ. 8-9 желтоқсан күндері Астана қаласындағы “Дәулет” спорт кешенінде ересектер және әйелдер арасында грэпплинг және грэплинг гиден Қазақстан Республикасының Кубогы өтеді.

Жарыстың басты себебі - алдағы жылы өтетін Азия чемпионатына іріктеу. Жеңімпаз атанған палуандар чемпиондық белбеуді иеленіп қоймай, ел намысын Ұлттық құрама сапында қорғауға мүмкіндік алады. Жарысқа еліміздің барлық аймақтарынан 500-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Айтулы дода ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Астана қаласының әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады.

Айта кетейік, грэпплинг - дзюдо, самбо, джиу-джитсу, еркін, грек-рим және басқа да күрестің барлық стилін қамтитын жекпе-жектің бір түрі. Грэпплингтің артықшылығы - спортшылар екі секция бойынша күреседі. Еске салсақ, осы жылдың жазында елорда төрінде ересектер арасында грэпплингтен «QAZAQ BATYRY» атағы үшін 100-ден астам күресші бақ сынады. Сонымен қатар, “Astana OPEN” және алғаш рет “Asia OPEN” ашық халықаралық турнирлері ұйымдастырылды.

Одан бөлек, биыл 6-9 қыркүйек күндері Астанада тұңғыш рет грэпплингтен əлем чемпионаты өтті. Оған 30-тан астам мемлекеттен 1200 күресші қатысты. Еліміздің спортшылары жалпы командалық есепте ІІ орынды олжалады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
13 Желтоқсан 2018, 16:48
Астанада шаңғы жарысы өтеді
Пікірлер