BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.37 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Астанада дзюдодан ел біріншілігі өтеді

Фото: Нұржас Жақсыбай

Астана, BAQ.KZ тілшісі. 13-16 қараша күндері Астанада «Дәулет» спорт кешенінде дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында ҚР Чемпионаты өтеді. Жарыс нәтижесінде жеңімпаз атанған спортшылардан 2019 жылғы дзюдодан ұлттық құрама командасы жасақталады.

Биыл дзюдодан Қазақстан чемпионатына республика бойынша 437 спортшы қатысады.

Дзюдо федерациясы дамыту жөніндегі директоры Асхат Житкеев ел біріншілігін өткізуге неліктен Астана қаласы таңдалғанын айтты.

«Осыған дейін Астанада спартакиадалар болды, бірақ чемпионат өткен жоқ. Неге Астана, себебі аймақтардан өтінім келген кезде ол жақтағы федерациялар қалай жұмыс істейтінін көреміз. Астанада барлық жағдай бар, қонақ үй де, спорт зал да бар. Сондай-ақ, Астанада біріншілік өтпегеніне көп болды», - деді ол.

Асхат Житкеев жүлделі орыннан көрінген спортшылар ұлттық құрамаға қабылданатынын айтты.

«Чемпионат арқылы ұлттық құрама жасақталады. Олар негізгі құрамаға қосылып, халықаралық жарыстарға қатысатын болады. Қазідің өзінде олимпиадаға жолдама алу үшін ұпай алып үлгерген спортшылар бар. Соған қарамай олар да чемпионатқа қатысады», - деді ҚДФ дамыту жөніндегі директор.

Асхат Житкеев ерлер күресімен қатар әйелдер дзюдосы дамып келеді деген пікірде. Азия чемпионатында қола медаль алған Гүлжан Исанова мен барған жарысынан жүлдесіз қайтпайтын Галбадрах Отгонцэцэг соның айқын дәлелі.

«Багама аралдарында өткен дзюдодан жастар арасында әлем чемпионатында ел құрамасы командалық жарыста қола медаль алды. Шешуші күресте әйелдердің қосқан үлесі жоғары болды», - деді ол.

Видео: Нұржас Жақсыбай


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер