BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

"Астана" Түркия турының үшінші кезеңінде үздік нәтиже көрсете алмады

Фото: cyclingnews.com

Түркия турының Фетxие мен Мармарис қалаларын жалғайтын 129 шақырымдық үшінші кезеңін ирландиялық Сэм Беннет ұтып алды. «Астана» сапынан ең үздік нәтижені мәре сызығын 20-шы болып кескен Андрей Зейц көрсетті, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

Сэм Беннет (BORA-hansgrohe) мәреге 2,2 шақырым қалғанда 20 шабандоздың соңында келе жатты. Дегенмен Беннет командаластарының еңбегін еш кетірмей мәреге тақар тұста басты қарсыласы Эдвард Тенсті артқа тастап, үшінші күн қатарынан жеңімпаз атанды. Бұған қоса, Беннет жалпы есепте де бірінші келеді. Үшінші кезеңде екінші орынды неміс Эдвард Тенс (Trek-Segatredo) иеленсе, үштікті италиялық Симони Консони (UAE Team Emirates) түйіндеді. «Астана» командасы сапынан Андрей Зейц 20-орын алды.

Йеспер Хансен 21, Жандос Бижігітов 40, Дмитрий Груздев 55, Риккардо Минали 56, Никита Стальнов 73, Руслан Тілеубаев 90-орында аяқтады.

Үшінші кезең аяқталған тұста Astana Pro Team командасы сапынан үздік нәтижені көрсеткен Андрей Зейц пікірімен бөлісті.

"Үшінші кезеңде белсенді қимылдадық. Екі рет екі шақырымдық тауға көтерілдік. Соңғы шақырымдарда көшбасшы топтың қатарында болдық. Жоспар бойынша жұмыс істедік. Жалпы алғанда жақсы күн болды", - деді Андрей Зейц.

Түркия турының төртінші кезеңі Мармарис пен Сельчук қалаларының арасында өтеді. Әзірге үш кезеңнен кейін жалпы есепте Сэм Беннет топ бастап тұр — 13 сағат 24:28 минут. Одан кейінгі орында Эдвард Тенс, үшінші сатыда Симоне Консони. «Астана» сапынан Андрей Зейц 14-орында. Ал «Астананың» өзі командалық есепте бесінші орында тұр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер