BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 345.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 404.45 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.48
Астана:

«Астана» мен «Сутьеска» матчын қайдан көруге болады

Фото: ашық дереккөзден

Бүгін 11 шілдеде Qazsport телеарнасы Astana Arena кешенінде өтетін «Астана» – «Сутьеска» командаларының ойынын сағат 19:55-те тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық «Астана» клубының ойыншылары Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Черногориялық «Сутьеска» клубымен кездеседі. Алғашқы матч 11 шілде күні Астанада, ал екінші ойын 18 шілдеде Черногорияда өтеді. Екінші ойынды да Qazsport телеарнасы тікелей эфирде Астана уақыты бойынша 18 шілдеде 23:55-те көрсететін болады. Чемпиондар лигасының бұл кезеңінде жеңілген ұжым Еуропа лигасының екінші кезеңінде ойнайды.

«Сутьеска» футбол клубы 1927 жылы Черногорияның Никшич қаласында құрылды. Өз алаңындағы ойындарын Край Никшич атындағы стадионда өткізеді. «Сутьеска» клубы үшін бұл жетінші еурокубок маусымы болмақ, оған дейін 2003 жылы Интертото кубогында, 2013/14 және 2014/15 жылы Чемпиондар Лигасында, ал 2009/10, 2015/16, 2017/18 жылдары Еуропа Лигасы кезеңдерінде ойнаған болатын.

«Сутьеска» клубының тарихында ең танымал ойыншылардың бірі Мирко Вучинич Италияның «Лечче», «Рома» және «Ювентус» командаларында ойнаған.

Сондай-ақ, 19 шілдеде 18:55-те Qazsport телеарнасы тікелей эфирде «Қайрат» - «Энгордань» (Андорра) ойынын көрсетеді. Ал одан кейін «Ертіс» - «Тракай» (Литва) және «Тобыл» - «Самтредиа» (Грузия) командаларының ойындарын трансляциялау жоспарланып отыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер