BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

"Астана" чехиялық "Яблонецті" жеңді

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Еуропа Лигасы топтық кезеңінің 4-турында «Астана» футбол клубы өз алаңында Чехияның «Яблонец» командасын қабылдады. Матч 2:1 есебімен аяқталды.

"Астана" алаңға келесідей құраммен шықты: Эрич, Рукавина, Аничич, Постников, Зайнутдинов, Маевский, Кляйнхайслер, Томасов, Педро Энрике, Ричард Алмейда, Кабананга.
"Яблонец": Грубы, Говорка, Хюбшман, Ганоусек, Поважанец, Травник, Лишка, Долежал, Соболь, Йовович, Голеш.

Ойынның 18-минутында "Астана" футболшысы Педро Энрике есеп ашты. 41-минутта қарсылас команда ойыншысы Дэвид Лишка "Астана" қақпасына гол соғып, есепті теңестірді. Матчтың алғашқы бөлігі 1:1 есебімен аяқталды.
Екінші таймда командалар бір-біріне шабуылдағанымен де гол сала алмады. Тек ойынның 88-минутында "Астана" футболшысы Евгений Постников қарсылас қақпасына гол соғып, командасын алға шығарды.

Төрт турдан кейін 8 ұпай жинаған "Астана" К тобының көшбасына шықты. 5 ұпайы бар украиналық "Динамо" мен үш ұпайы бар франциялық "Ренн" бүгін кездеседі. Ал украиналық "Яблонецте" екі ұпай ғана бар.

Айта кетсек, Чехияда өткен матчта екі команда 1:1 есебімен тең түскен болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер