BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

«Асыл мұра» футбол лигасының жеңімпазы миллион теңге алды

Астана, BAQ.KZ. Алматыда «Асыл мұра» бағдарламасы аясында мешітке келуші жамағаттар арасындағы футбол лигасының финалы өтті. Бұл туралы ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Ойындар Нархоз университеті стадионында 200-ге жуық адамның қатысуымен өткізілді. Әр ауданның 8 үздік командасы екі топқа бөлініп, үздіктерді анықтады.

Тартысқа толы болған ойындардың нәтижесінде Нұрлы мешіті (Медеу ауданы) жеңімпаз атанды. Ал, екінші және үшінші орындарға Музаммиль (Әуезов ауданы) және Әли-Мұхаммед (Жетісу ауданы) ие болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль, кубоктар, ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаз команда 1 миллион теңге иегері атанды.

"Барлығы да жақсы әрі әділ өтті. Қала әкімдігі мен осы бағдарламаға алғыс айтамыз. «Асыл мұра» өте қызықты жоба. Қала мен мешіт жамағаттары арасында спортты дамытып жатқаны жақсы бастама. Біз осымен лигаға екінші жыл қатысып жатырмыз, биыл чемпион боламыз деп ойламаған едік. Қуаныштымыз", - дейді «Нұрлы» мешітінің бас имамы.

Осы лиганың былтырғы чемпиондары болып Төле би мешіті атанған болатын (Алмалы ауданы). «Асыл мұра» бағдарламасы Алматыдағы мешітке келуші жамағаттар арасында бұқаралық спортты дамытуға бағытталған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер