BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 343.45 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 399.57 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Әсет Исекешев боксшы Бейбіт Шүменовті құттықтады

Фото: qazaquni.kz

Астана әкімі Бүкіләлемдік боксшылар қауымдастығының (WBA) президенті Жилберто Хесус Мендозу мен NotiFight директоры, спорт журналисі Лудо Саенц пен өткен жексенбіде чемпион белбеуін жеңіп алған қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовті қабылдады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Бұл жеңіс – алған жарақаттан кейін рингке қайта оралуда өте лайықты көрсеткіш болды. Менің тағы да кезекті рет құттықтауымды қабыл алыңыз және осылайша өзіңіздің жетістіктеріңізбен қазақстандық жанкүйрелеріңізді қуанта беріңіз», - деді боксшыны құттықтаған Ә. Исекешев.

Өз кезегінде Жилберто Хесус Мендозу мен Бейбіт Шүменов Қазақстан астанасында жекпе жекті лайықты етіп ұйымдастырғаны үшін елорда әкіміне алғыс білдірді.

«Бокс кешін ұйымдастырғаныңыз үшін сізге алғысымызды білдіреміз. Бұл астананың 20 жылдығы күніне орай қалалықтар үшін жақсы мереке болды», - деді Б. Шүменов.

«Сіздің жерлесіңіздің жекпе жегі жоғары деңгейде ұйымдастырылды, «Барыс Аренада» адам айтып жеткізгісіз ғажайып орнады. Сіздердің астаналарыңыз боксшылардың жекпе жегін жоғары деңгейде өткізе алады. Қазақстан әрдайым ұлы боксшылармен аты шығып жүрген ел», - деді Бүкіләлемдік боксшылар қауымдастығының (WBA) президенті Жилберто Хесус Мендозу.

Естеріңізге сала кетейік, 7 шілдеде «Барыс Арена» мұз сарайында қазақстандық боксер Хизни Алтункайды титулды бәсекеде жеңген болатын. Түрік боксшысы оныншы раундқа шығудан бас тартты. Нәтижесінде қазақстандық Бүкіләлемдік боксшылар қауымдастығының (WBA) версиясы бойынша ауыр салмақтағы бірінші «тұрақты» әлем чемпионының белбеуін жеңіп алды. «Барыс Аренадағы» бокс кешін ұйымдастыруға астана әкімдігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі атсалысты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер