BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Аршавин «Қайраттан» кететін болды

Алматы, BAQ.KZ. Андрей Аршавиннің "Қайрат" клубынан кетуіне орай қоштасу матчы ұйымдастырылады. Бұл жайында клубтың сайтында хабарланды.

"Қайрат" - "Шахтер" матчі 11 қараша күні Қазақстан премьер-лигасының қорытынды 33-ші туры аясында өтеді.

«Қарағандылық "Шахтермен" матчта клуб және жанкүйерлер оңтүстік астананың барлық тұрғындарын тәнті еткен футболшы Андрей Аршавинді алматылық клуб сапындағы жарқын мәнсабы үшін алғыс айтады», - делінген хабарламада.

37 жастағы ресейлік жартылай қорғаушы "Қайрат" сапында 2016 жылдың наурызынан бері ойнап келеді.

«Алматылық команда үшін ол барлық турнирлерде 107 матч өткізіп, 37 нәтижелі пас берді және 30 гол салды. Сонымен бірге, 13 сары қағаз бен бір рет қызыл қағаз алған. Ресейлік екі рет чемпионаттың күміс жүлдегері атанды, Қазақстанның кубогы мен Суперкубогын иеленген», -делінген хабараламада.

Аршавин бұған дейін Ресейдің краснодарлық «Кубань» клубында өнер көрсеткен. Оның алдында петербургтың «Зенит» және Лондонның «Арсенал» клубтары сапында ойнаған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер